«Әке – алтын діңгек» кітап көрмесі

Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай кітапханада «Әке – алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әке туралы, әкенің отбасындағы және қоғамдағы борышы жайындағы прозалық және поэтикалық шығармалар қойылған. Көрмені тамашалуға жазғы мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты.
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлының «Во имя отца», «Восхождение к отцу» кітабы ерекше қымбат дүние, онда әкенің, қазақ халқы ұлының бейнесі керемет көрініс тапқан.

«Менің атым Қожа» повесінің ақыл-ой картасы

Бүгін кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша ақыл-ой картасын жасауға қатысты. Ақыл-ой картасы – адамдарға ақпаратты немесе идеяларды ұсынуға көмектесетін көрнекі ойлау құралы.
Балалар кітап оқып, «Менің атым Қожа» көркем фильм көріп, картаға кескіндеп түсірді. Олар шығарманың негізгі сәттерін таңдап, басты кейіпкерлер Қожа, Жанар, Сұлтанның суреттерін салды. Іс-шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Виталий Бианкиден орман алқабы

Балалар жазушысы В.В. Бианкидің 130 жылдығына орай «Виталий Бианкиден орман алқабы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Балалар табиғат әлеміне виртуалды саяхат жасады (құстардың дауысын тыңдады, жабайы жануарлардың әдеттерін бақылады), В.В.Бианкидің жануарлар туралы жұмбақтарын шешті, орман кітапханасында (В.В.Бианканың ертегілері бойынша кітаптар көрмесі) болды.
Жазушының ертегілері мен әңгімелері табиғат әлемін ашып, оның құпияларына енуге үйретеді.
Оқырмандарымыз туған өлкенің табиғатын қорғап, нағыз қорғаушыларға айналады деп сенеміз!

Жазғы кинозал

Балалардың барлығы да қиялдарына ерік беріп армандағанды, ойнағанды, саяхаттағанды және де қызықты фильмдер мен мультфильмдер көргенді ұнатады.
Жұма күндері өтетін кітапханадағы жазғы кинозал өз маусымын балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісімен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Менің атым Қожа» фильмімен және Nickelodeon Animation Studioсы шығарған «Саяхатшы Дара» мультфильмімен ашты.

Жаңа өнімдермен танысу

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, кітапханамыздағы ең ерекше кітаптарға шолу жасалды.
Іс-шараға қаламыздағы бірнеше мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты, оларға біздің түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптарымыз қатты ұнады.
Бүлдіршін балалар қызмет көрсету бөлімі ұсынған қызықты, танымдық басылымдармен танысып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

А.С. Пушкиннің ертегілері бойынша саяхат

Жазғы лагерьде демалып жүрген балалар орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Чудный остров сказок Пушкина» атты әдеби саяхатқа қатысты.
Кітапханашы талантты ақынның әлемдік әдеби, рухани кеңістіктегі бай шығармашылық мұрасының жан-жақтылығына тоқталып, «Ветер по морю гуляет» ертегісі бойынша сергіту сәтіне арналған ойындар өткізді.
Сондай-ақ, балалар ақының «Балықшы мен балық туралы ертегі» рөлдерге бөліп мәнерлеп дауыстап оқыды.

«Жаз. Балалар. Кітап»

Бүгін кітапханада «Жаз. Балалар. Кітап» бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бағдарлама шеңберінде жас оқырмандар кітапханаға қызықты саяхат жасап, кітаптар және мерзімді басылымдармен танысты.

Рәміздер күні

Кітапханада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты интерактивті ойын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимін орындаумен басталды. Балаларға еліміздің рәміздері тарихы туралы виртуалды саяхатқа шығу ұсынылды. Барлық балалар өз елінің мәдениеті мен тарихы туралы викториналық сұрақтарға қуана жауап беріп, өзара бір-біріне сұрақтар қойып пікір алмасты.

Экскурсия

Жадыраған жаз келді, кітапхана күн сайын мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру орталықтарында демалып жүрген балаларға толы. Бүгін кітапханашылар Е.А. Бөкетов атындағы мектептің балалары үшін әдеби викторина өткізіп, «Балалар әлемі» атты инсталляциялық көрмені таныстырды.

Балалық шаққа саяхат

Кітапхана Халықаралық балаларды қорғау күнін орай «Балалық шаққа саяхат» атты кітапхана кеші өтті.
Шара ағымдағы жылы қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Мерекеге Алматы қаласынан арнайы қонаққа «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, сценарист Нұрлан Санжар шақырылды.
Келушілерді көптеген тосынсыйлар күтіп тұрды. Балалар ата-аналарымен бірге полимерлі шайырдан зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтарына қатысты, саз бұйымдарын бояуды үйренді, «пионер лагеріне» барды, актерлік студияда және иллюзионистер шоуында көңіл көтерді, вафли пісіруді үйренді, ұлттық ойындар ойнады, сонымен қатар болашаққа көз жүгірткісі келетіндер нумерологтың болжамын алды.
Әртүрлі алаңдардан балалар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, олар жинаған жетондарын «кітапхана банкінде» сомға айырбастады және оларды «Бал бала» шайханасында ас мәзірімен танысып тәттілер, шырын, йогурт, баурсақ, бәліш сатып алуға жұмсады.
Іс-шарада қарағандылық өнерпаздар ішекті музыкалық аспаптарда ойнап танымал әндер шырқап мерекенің сәнін келтірді.
Кітапхана кеші ұтыссыз лотерея ойынымен аяқталды.
Мерекенің демеушілері: «Арт Фиеста» дүкені, «Балалар әлемі» дүкені (City Mall), «Атамұра» корпорациясы, «Планета игрушек», «Нәтиже» сүт фабрикасы, «Қасым» баспасы, балмұздақ зауыты «Аiza».