«Кітапхана – балаларға арналған интерактивті алаң» облыстық семинар

Бүгін кітапханамызда оқырмандар үшін интерактивті алаң құруда балалар кітапханалары жұмысының жаңа әдістері мен нысандарын іздеу, кітапханашылар арасында кәсіби тәжірибе алмасу, Қарағандының балалар авторларының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Кітапхана – балаларға арналған интерактивті алаң» облыстық семинары өтті.
Семинар жұмысының бірінші бөлімінде Нұра ауданының БҚО әдіскері М.Бекбосынова инновациялық технологиялардың көмегімен балаларды оқуға тарту, «Wordwall», «Kahoot» платформаларында жұмыс істеу тәжірибесімен бөліссе, М.Әуезов атындағы қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Е. Величко үстел ойындары арқылы жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру туралы айтса, Теміртау қ. ОКЖ №6 балалар филиалының қызметкері О. Звонова-Гавриленко кітапхананың түрлі ұйымдармен серіктестік байланысын кеңейту туралы ақпарат ұсынды. Кітапханамыздың инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы О. Мусина әріптестерімен Абай атындағы ОБК-ның «Мәдениеттер тоғысында» жаңа жобасын іске асыру туралы бөлісті. Сондай-ақ, бүгінгі семинарға арнайы шақырылған журналист, суретші-дизайнер, promt-инженер Л.Карчевскаяның «Жасанды интеллект пен адамның өзара байланысы» тақырыбындағы баяндамасы семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Семинар жұмысының екінші бөлімінде жерлесіміз, белгілі ақын, әдебиетші, ғалым Бүркіт Ысқақұлының 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар кітапханасы: оқырман мен жазушы арасындағы берік көпір» дөңгелек үстелі өтті.
Шараға Алматы қаласынан арнайы шақыртумен келген Б. Ысқақұлының қызы, қазақ радиосының ардагері Айгүл Бүркітқызы Ысқақова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің докторанты, Б. Ысқақов танушы Әділет Бауыржанұлы Жағыпар, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Қоғабайқызы Үмбетова қатысты.

Күзгі жапырақтар

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағы өтті. Сабақ күз тақырыбына арналды. Балалар жыл мезгілдері туралы әңгімелеп, күз туралы тақпақ оқыды. Балалар күзгі жапырақтардың ашық түстерін қолданып, қолөнер бұйымдарын жасады. Күз мезгілінде жапырақтар қолөнер жасау үшін тамаша материал болып табылады.

Библиодесант

Бүгін кітапхана мамандары Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатына барды. Балаларды кітапханашылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, қызмет көрсету бөлімдеріне виртуалды экскурсия жасады.
Балалар үшін басты тосынсый «3D кітаптар әлемі», ойын пазылдары бар кітаптар, танымдық энциклопедиялар және жаңа кітаптарға шолу болды. Шара соңында «Бәрін білгім келеді» әдеби викторинасы өткізілді.

«Алтын және дана ғасыр» қарым-қатынас сағаты

1 қазан күні Қарттар күніне орай дәстүрге айналған Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында кітапхана ісі ардагерлерімен кездесу өтті.
Мерекелік іс-шара шай үстінде жайлы атмосферада өтті. Кездесу жағымды әрі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қызметкерлердің көбі бір-бірін ұзақ уақыт көрмегендіктен емен-жарқын әңгімелесіп, ортақ тақырыптарын талқылап, қызықты жаңалықтарымен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері ардагерлерге арнайы ойын-сауық бағдарламасын және тосын сый әзірледі.
Басшы Баян Уатаева бар ғұмырын кітапқа қызмет етуге арнаған азаматтарға кітапхана ұжымы атынан алғысын білдірді.
Қонақтар кітапхана қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, кездесуден жағымды әсермен қайтты.

«Қауіп пен қауіпсіздік туралы әңгімелер» кітаптарына тұсаукесері«Қауіп пен қауіпсіздік туралы әңгімелер» кітаптарына тұсаукесері

Кітапханада 30 қыркүйекте «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасы аясында қарағандылық автор Наталия Инжевскаяның «Қауіп пен қауіпсіздік туралы әңгімелер» атты кітаптарына тұсаукесері өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты: жас оқырмандарды қазақстандық жазушылардың шығармашылығымен таныстыру және балалардың қазақ балалар жазушыларының шығармаларын оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Наталья Инжевская балалар жазушысы, ақын, журналист, педагог, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Нью – Йорктегі орыс жазушылар клубының мүшесі, Қарағанды облысының балаларды қорғаушылар альясының мүшесі. Облыстық және халықаралық әдеби байқаулар мен сыйлықтардың лауреаты және жүлдегері, В.Маяковский және А. Ахматова медальдарының иегері. «Алинка әңгімелер» және «Сары-Арқаның сиқырлы ертегілері» атты екі сериядағы 22 балалар кітабының, 9 поэзиялық жинақтың, бір прозалық кітаптың және Қарағанды облысының мәдениетіне арналған бес томдық кітаптың авторы.
Тұсаукесерге Қарағанды облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі И.Б. Киселёва, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, облыстық, республикалық мүшайралардың жеңімпазы, «Қауіп пен қауіпсіздік туралы әңгімелер» қазақ тіліне аударған аудармашы С. Қайырбек қатысты. «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілері мен Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары автордың кітабы бойынша қойылымдар көрсетті.

«Шеге мен Балға»

«Шеге мен Балға» үйірмесінің кезекті сабағы «Қол құралдары» тақырыбында өтті. Үйірме мүшелері қысқыштар, бұраушытар, қайшылар және т.б. қол құрал-саймандары жинағымен танысты. Балалар үйірме жетекшісінің сабағын мұқияат тыңдап танысқан құралдарын іс жүзінде пайдаланып көрді.

«Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» тренингі

Кітапханада «Мен – тұлғамын» коучинг – орталығы аясында оқырмандар үшін «Өзін-өзі жүзеге асыру алгоритмдері» атты тренинг өткізілді.
Тренинг балаларға тиімді оқу дағдыларын дамытуға, мотивация мен өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған. Тренингті ойын түрінде психолог Е. Верховяк жүргізіп, қорқынышты жеңу әдістемесімен бөлісті, сонымен қатар балаларға өзінің мүмкіндіктері туралы жағымды сенімдерді қалай қалыптастыру керектігі туралы айтты.

«Free Style» арт-шеберханасы

Кітапханада тоқыма тоқу бойынша тәлімгер Светлана Киммен екінші шеберлік сыныбы өтті. Қыздар өз жұмыстарын аяқтап, білімдерін бекітті. Бетбелгілер ыңғайлы және стильді болып шықты.

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

Кітапханада «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында балалар жазушысы, ертекші Альберт Ивановтың «Приключения Хомы и Суслик» кітабы бойынша кітапханашы дауыстап оқу өткізді. Балалар жазушының қызықты әңгімесін ынта қойып тыңдадап. Оның ертегілері желісі бойынша түсірілген «Приключения Хомы» мультфильмін көріп тамашалады.

«Шеге мен Балға»

«Шеге мен Балға» үйірмесінің кезекті сабағы «Қол құралдары» тақырыбында өтті. Үйірме мүшелері қысқыштар, бұраушытар, қайшылар және т.б. қол құрал-саймандары жинағымен танысты. Балалар үйірме жетекшісінің сабағын мұқияат тыңдап танысқан құралдарын іс жүзінде пайдаланып көрді.