Елена Зейферт

Елена Зейферт Қазақстанда 1973 жылы дүниеге келді. Мәскеуде турады.

1990-жылдардың ортасында ақын, орыс әдебиеті мен теориясынынң оқытушысы, зерттеушісі ретінде өзін танытты. 1990-шы жылдардың соңында прозашы, аудармашы, сыншы.

Өлеңдер мен прозаның авторы, соның ішінде балаларға арналған кітаптары жарық көрді. 1998 жылы «XIX ғасырдың бірінші үш бөлігіндегі орыс поэзиясындағы үзінді жанры» Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, «Әдебиет теориясы» мамандығы бойынша. филология ғылымының кандидаттық диссертациясын қорғады, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің орыс және шетел әдебиеті кафедрасының аға оқытушы, доцент болыр жұмыс істеді.

«Литер. Ru» Ұлттық әдебиеттік желісінің конкурсына қатысып, лауреат атағына ие болды, (қыркуйек, 2001 ж.). «Литер. Ru» Ұлттық әдебиеттік желісі конкурсының Дипломанты (шілде 2002 ж.). «Литер. Ru» Ұлттық әдебиеттік желісі конкурсының лауреаты (шілде, 2003ж.).

2008 жылы «XX — XXI ғ. басындағы ресей, немістердің поэзиясындағы жанрлық үрдістер» М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Әдебиет теориясы. Мәтінтану» мамандығы бойынша филология ғылымының докторлық диссертациясын қорғады.

«Литературная газетаның» редакторы, шолушы ( «Еуразиялық муза», Рәсейдің көптілді лирасы», «Сәлемдесу»), неміс мәдениетінің Халықаралық одағының (Мәскеу) бакалавриаты біліктілік бағдарламасының және әдеби жұмысының реттеушісі.

Казіргі уақытта Рәсейдің мемлекеттік гуманитарлық университетінің теориялық және поэтикалық кафедрасының профессоры, қосымша -«МСНК-пресс» баспасының әдеби көркемдік бөлімінің бас редакторы.

РМГУ докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғаудың кенес мүшесі. Рәсей немістерінің тарихы мен мәдентиетін зерттеушілердің Халықаралық ассоцияциясының мүшесі (Мәскеу).Горький атындағы Рәскй ғылым Академиясының және Қазақстан Республикасының ғылым Академиясының әдебиет және өнер Институтының оқулықтары мен ұжымдық монографиялардың бөлімдерінің авторы.

Рәсей және ТМД халықтары неміс, болгар ақындардың шығармаларының аудармашысы. Елена Зейферттің өлеңдері болгар, неміс, армян, грузин, қазақ, тәжік т.б.аударылды, прозасы – неміс және қазақ тіліне аудаарылды. Проза саласында повесть, әңгіме және шағын жанрларда жазады.

“Небоскрёб Парнаса” романның, “Метафоры на пуантах” өлеңдер жинағының авторы. Орыс әдебиеті туралы бірнеше монографиялардың авторы. Әдебиет теоретигі ретінде әдеби шығармашылық, өлең, жанр мәселелеріне арналған мақалалар жазады.

Рәсей немістерінің әдебиетін алдыңғы қатардағы зерттеушісі, рәсей немістерінің әдебиетін этникалық әлем суреті арқылы кешенді зерттеудің ғылыми мектептебінің негізін салушы. Ғылыми шығармашылығының бір саласы-неміс әдебиеті.

«Знамя», «Октябрь», «Литературная учёба», «Дружба народов», «Юность», «Новая Юность», «Кольцо А», «Крещатик», «Волга», «Московский вестник», «Простор», «Нива», «АMANAT», «Аполлинарий», «Тан-Шолпан», «Phönix» («Феникс»), “Тамыр”, және «Век XXI. Международный альманах», «Portfolio», «Пенаты», «Seagull» («Чайка»), «Стороны света», «Таллин» т.б. альманахтарда басылып шықты.Елена Зейферттің өлеңдері «TristanTzara» (Румыния, 2010) әлемдік поэзиясының антологиясына кірді.

Рәсей, Германия, Қазақстанның Халықаралық әдеби конкурстардың төрайымы және мүшесі.

«Московская немецкая газета», мәскеу журналы «Gemeinschaft», қазақстандық кітаптарға шолу басылымы «Книголюб», қазақстандық газеті «Deutsche Allgemeine Zeitung», германдық газет пен журналдардың «Gazeta.kz» медиа-порталдың тілшісі және шолушысы. «BiZ-Bote» (Мәскеу) және «AMANAT» (Алматы) журналдардың, «Голоса Сибири» (Кемерово)альманахтыңредколлегия мүшесі. «Дар слова» (Казахстан, 2002—2004) әдеби-көркемдік журналдың бас редакторы.

2011 жылдан бастап Малая пироговкада орналасқан Ғылыми кітапхананың «Малая Пироговскаядағы» әдеби шеберханасын жүргізеді.

 

elena1
elena2
elena3