«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»
«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында өтіп жатқан дауыстап оқуларға «Azmar Premium» мектебінің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балаларға «Qаsуm» баспа үйінің бас редакторы Гүлдана Қуатқызы оқыды.
Шара барысында Х.К. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі оқылды. Келесі кезекте дауыстап оқуға түсініктеме берілді, одан кейін балалар ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлерді сипаттап, өз әсерлерімен бөлісті.