«Eurasian Book Fair-2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

«Eurasian Book Fair-2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі!

19-23 сәуірде Астана қаласында «Eurasian Book Fair-2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. 21 сәуірде біздің кітапхана қызметкерлері бұл іс-шараға алғаш рет қатысты.
Жәрмеңкенің бағдарламасы бай әрі қызықты болды: түрлі дәрістер, көрмелер, интерактивті алаңдар, кітап тұсаукесерлері, шеберлік сыныптары өткізіліп, көптеген баспалар мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынды.
Біз кітаптардың тұсаукесеріне қатысып, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттен, белгілі қазақстандық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереевадан және шығыстанушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдан қолтаңба алдық.
Жалпы, халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысу арқылы баспалармен байланыс орнату, жазушылармен көзбе-көз жүздесу, кітап жаңалықтары әлемінде жаңа, қызықты дүниелермен танысуға деген үлкен мүмкіндіке қол жеткіздік.

Comments are closed.