Көрісу күні
Достар! Бүгін Наурыз мейрамының алғашқы күні! Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бұл – жаңа жылдың, жаңа өмірдің, жаңарудың бастамасы.Осы айтулы күнге орай, кітапханамызда «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты көркем көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Мұнда сіз қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы ең үздік кітаптармен таныса аласыз.
Келіңіздер, бірге Наурыздың берекесін сезінейік!