Кешкі кітапхана

Кешкі кітапхана

Халықаралық балалар күніне орай Абай атындағы кітапханада өте көңілді және қызықты кеш болды. Библиоғарыштық аймақ кітапханаға келді!
Оқырмандар ғарыш кеңістігі аумағында саяхаттап кешкі кітапханада қызықты алаңдарға куә болды.
«Жұлдыздар мен галактика» фотоға түсетін аймақта барлық қатысушылар гермошлемдерді киіп, өздерін нағыз ғарышкерлер сияқты сезіне алды.
Галактикалық кинозалда қонақтардың назарына ғарыш туралы бірнеше мультфильмдер мен деректі фильмдер ұсынылды. Балалар ғарыш жайлы фильмдерді тамашалағаннан кейін викторина сұрақтарына жауап беріп дұрыс жауаптарға жетондар алды.
Ғарыштық аймақтың бірінде бүлдіршін балаларды «Ғарышқа саяхат» мега-бояуы күтіп тұрды. Суретші ғарышкерлер астероидтарды, планеталар мен жұлдыздарды бояды.
«КосмоBeauty» сұлулық салоны осы кеште танымалдылыққа ие болды, кеш конақтарына шеберлер өз қалаулары бойынша өзгеше стильде ерекше шаш пен макияж жасап беріп, қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.
«Ғарыштық филармония» қонақтарға арналған ойын – сауықтыру орнының бірі. Балалар өздерінің сүйікті хиттерін шын жүректен орындап тамаша көңіл күйде болды.
Кітапхана кешінің барлық қатысушылары КосмоБанк ке барды, онда бас банкир балалар тапқан жетондарды ғарыштық квиттерге айырбастап, тапқан табысын космокафесіне жұмсап ас мәзірінен дәм татты.

Comments are closed.