«Киіз үй»

«Киіз үй»

9 желтоқсан күні ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатында Абай атындағы балалар кітапханасы қызметкерлері «Aqyldy Bala» ерте жастағы балаларды дамыту орталығындағы балаларға арнап «Киіз үй» этноконструкторын құрастыру тренингін өткізді.
Кітапханашылар балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысымен және жабдықтарымен таныстырды. Балалар экологиялық таза шикізаттан жасалған көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы «Киіз үй» этноконструкторын үлкен қызығушылықпен құрастырды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Comments are closed.