«Кітап. Жаз. Жүз қиял»

«Кітап. Жаз. Жүз қиял»

Бүгін №1, 9, 93 гимназиялардың мектеп жанындағы лагерлерінің балалары үшін «Кітап. Жаз. Жүз қиял» атты жазғы оқу залының салтанатты ашылуы өтті. Балалар топ-топқа бөлініп аралдар бойынша саяхат жасап, әдеби ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ балалар жергілікті балалар жазушысы Наталья Инжевская мен жүздесті. Автор өзінің бірнеше шығармасынан үзінді оқып, кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор екені туралы айтып өтті.

Comments are closed.