Клуб «Қауырсын қалам»

Клуб «Қауырсын қалам»

Кітапханада биылғы жылы «Қауырсын қалам» әдеби клубының балалары қарағандылық ақын Николай Петрович Федоровпен алғашқы кездесуін өткізді. Көптеген әдеби форумдардың қатысушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Мен бұл әлемді жақсы көремін» жинағының авторы Николай Петрович болашақ ақындармен өлең жазудың қыр-сырымен бөлісті.
Кездесу барысында клуб мүшелері поэзия туралы ғана емес, жалпы әдебиет туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар өздерінің жазған туындыларын оқып, кештің көркін қыздырды.
Кездесу соңында клуб белсенділері балаларға «Қауырсын қалам» кітапханалық әдеби журналының алғашқы нөмірін табыстады. Аталмыш журнал үшін клубтың барлық қатысушылары атсалысқан болатын. Ақынмен өткен сырласудан өте жылы және жағымды әсер алып, алғыстарын білдірді.

Comments are closed.