Корней Чуковскийдің «Айболит» ертегісіне 90 жыл

 

Корней Иванович Чуковский (1882 -1969) – балалар ақыны және жазушысы, публицист, әдеби сыншы, аудармашы әрі әдебиеттанушы, журналист.

Кеңінен танымал ертегілері: «Айболит», «Бармалей», «Краденое солнце», «Мойдодыр», «Муха-Цокотуха», «Путаница», «Тараканище», «Федорино горе».

Корней Иванович Чуковскийдің балалар ертегісі «Айболит» автордың балаларға арналған ең әйгілі шығармасы. 1929 жылы басылып шықты.

Айболит дәрігер ауырып қалған аңдарды емдеу үшін Африкаға Лимпопо өзеніне жол тартады. Жолда оған қасқырлар, кит және бүркіттер көмектеседі. Айболит 10 күндік жанкешті жұмысының нәтижесінде барлық ауруларды емдеп шығады, айта кететіні дәрілік құралдары ретінде шоколад және гоголь – моголь қолданады.

«Доктор Айболит» (фильм), «Айболит - 66» (музыкалық көркемфильм), «Айболит и Бармалей» (қуыршақтар фильмі), «Доктор Айболит» (мультфильм) экранға шығарылды.