Квест-экскурсия «Библио-лабиринт»
Г.Потанин атындағы орта мектептің оқушылары балалар кітапханасының ғажайып әлемімен танысу мақсатында «Кітапханалық-лабиринт» квест-экскурсиясына қатысты. Оларға «Ақылмен ойла» атты қызықты ойын-сайыстан өту, «Әдеби кейіпкерлер» атты танымдық лабиринтке жол тарту, әлемге әйгілі балалар кітаптарын еске түсіріп, ребустарды шешу сияқты қызықты тапсырмалар берілді. Шара соңында жағымды әсер алған балалар кітапханаға тіркеліп, ұқыпты және белсенді оқырман болуға уәде берді.