«Әлемдегінің бәрі қызықты»

«Әлемдегінің бәрі қызықты»

Кітапханамызда желтоқсан айының 10 күні оқушыларды анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар және сөздіктер арқылы білімдерін жетілдіре түсу мақсатында «Әлемдегінің бәрі қызықты» атты кітапханалық-библиографиялық сабақ өтті. Сабаққа №95 гимназияның 6 сынып оқушылары қатысты.
Сабақ барысында оқушылар анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі энциклопедиялар және түрлі сөздіктермен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық-кітапханалық сабақ соңында осы әдебиеттерді дұрыс пайдалану арқылы балалармен «Тауып көр» атты ойын ойнатылды. Оқушылар бұл ойында екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды кітап көрсетіліміне қойылған (20 кітап) әдебиеттерді пайдалану арқылы жылдам орындап, білімдерін шындай түсті. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топқа «Тапқыр» дәрежесі берілді.

IMG_6841
IMG_6881
IMG_6850
IMG_6867
IMG_6869
IMG_6872
IMG_6875
IMG_6879
IMG_6849
IMG_6894
Comments are closed.