Ұлттық домбыра күні

Ұлттық домбыра күні

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты онлайн-сұхбат өткізілді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде №32 ЖББМ көркем еңбек пәнінің ұстазы Ержан Тұрсынов шақырылды.
Қонақ оқырмандарға домбыраның құрлысы туралы толық мағлұмат беріп, ұлттық аспаптың, пернелері, мойыны, ішегі, шанағы, тиегі, құрылысын түсіндірді. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспабы.
Кездесу соңында Ержан Әдішұлы И.Жақанов пен Ш.Қалдаяқовтың «Балқан таудың баурайында», «Қара көзім» әндерін домбыраның сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындады.

1
3
IMG_4607
IMG_4610

https://www.instagram.com/tv/CQ0Fy61KXU5/?utm_medium=copy_link

Comments are closed.