Мадияр Қасымалының қатысумен «Жетістік формуласы» бағдарламасы.

Мадияр Қасымалының қатысумен «Жетістік формуласы» бағдарламасы.

14 желтоқсан күні «Saryarqa» телеарнасында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен IChO-2022 Халықаралық химия олимпиадасының жеңімпазы Мадияр Қасымалының қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Мадияр Қасымалы «№1 Білім-инновация» лицейінің шәкірті алтын медаль иегері. Қазіргі таңда Н.Назарбаев атындағы университтетің бірінші курс студенті.
Болашақ ғалыммен кездесуге Қарағанды машина жасау колледжі, Әбілқас Сағынов атындағы мектеп-колледжінің студенттері, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернаты, және №1 Білім-инновация лицейінің оқушылары жиналды.
Кездесу барысында қонаққа отбасы, хоббиі, олимпиаданың жеңісіне байланысты көптеген қызықты сұрақтар қойылды.
«Сіздің жетістік формулаңыз қандай?» деген сауалға Мадияр: «Жетістіктің формуласы жоқ, барлығы жеке, тек дұрыс көзқарас пен еңбекқорлық маңызды»,- деп жауап берді. Мадияр балалық шағында сиқыр өнеріне қызығушылық танытқанын, тіпті оларды көрсетуде де жетістікке жеткенін мойындады. Қатысушыларға сиқыр көрсетіп қонақ қошеметке ие болды.
Бағдарламаның соңында Мадияр ең қызықты сұрақ қойған қатысушыларға естелік сыйлықтар берді, қонаққа дәстүрлі түрде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы және жетістік пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйы табыс етілді.

 

Comments are closed.