Мамандық-Метеоролог

Кітапхан балаларға әртүрлі мамандықтар мен олардың қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетуді жалғастыруда.
«Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» әр түрлі мамандықтардың өкілдерімен кездесу циклі аясында метеостанцияға жас оқырмандар үшін экскурсия жүргізілді. Бұл балалардың кәсіби метеорологпен қызықты кездесуі болды. Іс-шара барысында мамандар балаларға өз жұмыстары туралы айтып, метеорологтардың ауа райы құбылыстарын қалай зерттеп, болжамдар жасайтынын түсіндірді. Балаларға ауа-райын бақылау үшін гидрометеорологияда қолданылатын аспаптар мен жабдықтар көрсетілді.
Кездесу балаларға метеорологтардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінуге көмектесті. Көптеген балалар метеоролог мамандығы туралы көбірек білгісі келетінін, тіпті болашақта өздерін осы рөлде сынап көргісі келетінін атап өтті. Әр қатысушыға «Жас метеоролог» сертификаты берілді.

Comments are closed.