«Мен – тұлғамын» коучинг орталығы тренинг

«Мен – тұлғамын» коучинг орталығы тренинг

        Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2021 жылдың ақпан айында «Мен – тұлғамын» атты әлеуметтік коучинг – орталығы жобасын іске қосты жыл ішінде айына екі рет жексенбі күндері коуч – жаттықтырушы және психолог мамандардың қатысуымен қазақ, орыс тілдерінде тренингтер өткізіледі.
Шешендік өнер бойынша танымал коуч – жаттықтырушы Б. Мұсабековтың жеке тұлғаны дамыту бойынша – психолог Н. Якименконың қатысуымен өтеді. Ағымдағы жылы 16 тренинг өткізу жоспарлануда.
Көшбасшылық қабілеттерін дамыту, үлкен аудитория алдында сөйлеу және тыңдау – бұл балалар кітапханасының кітапханашыларының оқырмандарға қойған міндеті.
Ақпан айының 14 күні «Мен – тұлғамын» коучинг – орталығы жұмысының аясында «Шешендік шеберлік әліппесі» атты алғашқы тренинг өткізілді. Жаттықтырушы қоғам қайраткері ақын, композитор Б. Мұсабеков және 12 баланың қатысуымен өтті.
Тәлімгердің балалармен кездесуі өте қызықты және практиклық тапсырмаларға толы болды. Балалар сөйлеудің әртүрлі жанрлары туралы біліп, оларды өз бетінше қолдануға тырысты.
Шара сонында автор Б. Мұсабеков кітапхана қорына бірнеше кітаптарын сыйға табыстады.

3
4
5
1
2
Comments are closed.