Желтоқсан 14, 2021 «Менің Қазақстаным!» By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Менің Қазақстаным!» тақырыбында кең көлемде көрме-досье ұйымдастырылды. Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды. Көрмемен танысу үшін кітапханаға Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның 4 «Г» сынып оқушылары келді. Шарада «Бабалар елі – алтын бесік» атты зияткерлік викторина ұсынылып, балалар оған белсене қатысты.