Николай Носовтың «Приключения Незнайки и его друзей» шығармасына 65 жыл

Николай Носов (1908-1976) – кеңес балалар жазушысы – прозаик, драматург, киносценарийші.

Николай Носов Незнайка мен оның қызықты шытырман оқиғаларын оқырмандарға сыйлады, ол сонау КСРО уақытында жазған, бірақ бұл кітаптар мектеп оқушылары арасында бүгінгі күнге дейін өзекті және кеңінен танымал. Оның шығармалары бойынша мультфильмдер мен кино түсірілді, аудиокітаптар жазылды, жазушының шығармашылығы әрқашан сұранысқа ие болуда.

Гүлдер қалашығында мыртықтар – кішкентай адамдар, жас балалар өмір сүреді: астроном Стекляшкин, ақын Цветик, ғалым Знайка, дәрігер Пилюлькин, музыкантшы Гусля, суретші Тюбик, механиктер Винтик пен Шпунтик, Пончик, Сиропчик және т.б. Бірақ мыртықтардың арасындағы Незнайка есімді жас бала бәрінен де танымал болды, оның ештеңе білмейтіндігімен аты шықты. Басты кейіпкер күн сайын бос жүреді, алайда әрқашанда өзінің ең жақсы досы Пончикпен бірге күлкілі жағдайларға тап болады…

Экранға шығарылған осы шығарманың үздіктерінің бірі 1971 жылы түсірілген «Коротышки из Цветочного города»,мульфильмі.