Тамыз 8, 2023 «Ньютондық емес сұйықтық» By odb-abai inЖаңалықтар 8 тамызда қызықты деректер күні аясында тәжірибе жүргізілді, яғни, Ньютондық емес сұйықтықтың қалай жұмыс істейтінін білдік. Тәжірибені үй жағдайында да жасауға болады, себебі оны жүзеге асыру үшін сізге қарапайым су, крахмал және кез келген бос контейнер қажет. Кейбір сұйықтықтар су секілді тез құйылса, біз тәжірибеде көрсеткен сұйықтық тығыз және бал секілді тұтқыр, жабысқақ болып келеді. Бұл – Ньютондық емес сұйықтықтың физикалық тұтқырлық қасиетінің дәлелі. Балалар тәжірибеге үлкен қызығушылықпен атсалысып, түрлі ғылыми-тәжірибелік кітаптармен танысты.