Archive Тамыз 2023

«Заң және біз» құқықтық әңгіме

Кітапханада Конституция күніне арналған «Заң және біз» атты құқықтық әңгіме «Таңшолпан» балалар үйінің қатысуымен өтті. Балаларға ата заңның қысқаша тарихын баяндайтын бейнеролик көрсетіліп, «Заң бізге не үшін қажет?», «Баланың құқықтары қандай?» деген сынды сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ, қатысушылар конституцияның баптары және бөлімдерімен танысып, «Ойлы болсаң озып көр» ойынына қатысты. Шара соңында кітапханашы «Ата заңым аялайды елімді» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

«Аяулы хайуанаттар»

23 тамыз кітапханамыздағы қызықты кітап көрмелерінің жалғасын «Аяулы хайуанаттар» атты қызыл кітапқа арнадық.
Кітап көрмесінің мақсаты балаларға табиғатты аялауды, оны қорғаудың маңызы туралы түсіндіру.
Көрмеге негіз болған К.Қайымовтың 1979 жылы жарық көрген «Аяулы хайуанаттар» кітабы. Көрме Қазақстанның «Қызыл кітап» беттерінен алынған «Ғажайып омыртқасыздар», «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Қазақстан қызыл кітабы беттерінен» атты орысша-қазақша энциклопедия, «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы», «Табиғатқа қатысты мың сөз» және орыс тіліндегі «Красная книга мира», «Красная книга земли» атты кітаптармен толықты.

 

«Абай мұрасы мәңгілік – қазына»

Кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толуына орай «Абай мұрасы мәңгілік – қазына» атты поэзиялық сағат өтті. Шара аясында балалар ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, белсенді өмір сүру орталығының «Сәулем – ай» әжелер вокалдық тобы «Көзімнің қарасы» әні мен Қ.Б. Бакраевтың орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әннің қатысушылар назарына ұсынды. Іс-шараға «Океан» даму орталығының балалары қатысты.
Абай күніне арналған мерекелік шарамен «Жаз.Балалар.Кітап» атты ұзақмерзімді жоба биылғы жылға өз жұмысын аяқтайды.

Абай күні

«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.
10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай кітапханада «Әлем мойындаған ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, аудармалары және т.б. шығармалары қойылды. Оқырмандар ақынның жыл мезгілдері туралы әйгілі өлеңдері енген «Абай Құнанбайұлы өлеңдері» атты кітапша арқылы BIG DREAM қосымшасын іске қоса отырып өлеңдерін тыңдауға мүмкіндік алады.
Барлықтарыңызды Хакім Абайға арналған көрмені тамашалауға шақырамыз!

«Ньютондық емес сұйықтық»

8 тамызда қызықты деректер күні аясында тәжірибе жүргізілді, яғни, Ньютондық емес сұйықтықтың қалай жұмыс істейтінін білдік. Тәжірибені үй жағдайында да жасауға болады, себебі оны жүзеге асыру үшін сізге қарапайым су, крахмал және кез келген бос контейнер қажет.
Кейбір сұйықтықтар су секілді тез құйылса, біз тәжірибеде көрсеткен сұйықтық тығыз және бал секілді тұтқыр, жабысқақ болып келеді. Бұл – Ньютондық емес сұйықтықтың физикалық тұтқырлық қасиетінің дәлелі.
Балалар тәжірибеге үлкен қызығушылықпен атсалысып, түрлі ғылыми-тәжірибелік кітаптармен танысты.

«Сияның сыры»

1 тамызда қызықты деректер күні аясында балалардың назарына құпияға толы «Сияның сыры» атты көрінбейтін сия жасаудың тәжірибесі ұсынылды.
Тәжірибе барысында көрінбейтін сия арқылы құпия хабарламаны жасап, мекен- жайға келген хабарды қалай оқуға болатынын көрсеттік. Ол үшін біз қағазды, мақта таяқшаларын, сүт пен лимон сығындысын, күріш суын, йод ерітіндісін және үтікті қолдандық.
Тәжірибе өте қызықты өтті. Соңында оқырмандарға әртүрлі тәжірибелерге толы ғылыми кітаптарды оқуды ұсындық.