«ОҚЫРМАН БЕНЕФИСІ»

«ОҚЫРМАН БЕНЕФИСІ»

Кітапханада 29 наурызда балалар кітабы апталығын қорытындылайтын «Оқырман бенефисі» мерекелік-құттықтау бағдарламасы өтті.
Іс-шара барысында 2022 жылы кітапханаға үзбей келіп, өз белсенділіктерін танытқан үздік оқырман балалар мен оқырман отбасылар тоғыз номинация бойынша марапатталды.
2023 жылы алғаш кітапхана табалдырығын аттаған оқырманымыз Н. Әбдіров атындағы мектептің 1 «б» сыныбының оқушысы Ивлев Егор «Ең бірінші оқырман» номинациясымен марапатталса, 4 жасар Еркін Еркем «Ең кішкентай оқырман» номинациясымен марапатталды. «Ең адал оқырман» номинациясына Әбілқас Сағынов атындағы ҚТУ Көлік және логистика факультетінің бірінші курс студенті – Лебединский Андрей лайық деп танылды.
Оқырманның жанр таңдаудағы талғамына қарай «Фэнтези оқырманы» номинациясымен Г. Потанин атындағы мектептің 7 «В» сынып оқушысы -Пономарев Дмитрий; «Детектив оқырманы» Ә.Ермеков мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушысы – Тоқтасын Айзере; дәл осындай номинациямен – №93 гимназияның 1 «Д» сынып оқушысы Сыздықова Сана марапатталса, «Мәңгілік классика» номинациясы – № 30 мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Нигороженко Юлияға бұйырды.
Сондай-ақ, «Оқу рекордсмені» – №17 мектептің 2 «г» сынып оқушысы Ильин Владислав және Г. Потанин атындағы 6 «Б» сынып оқушысы Кадиров Ади болды.
«Кітапхана досы» номинациясын ,№97 гимназияның 1 «б» сынып оқушысы Доскей Саида мен №30 мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Шапеева Диана иемденді.
Биыл «Ең көп оқитын отбасы» екі бірдей отбасына табысталды. Олар Куценко отбасы: Отбасы мүшелері: анасы Чеботарева А.В., балалары «НЗМ» ДББҰ 9 «Е» сынып оқушысы Куценко Артем,№ 97 гимназияның 6 «Б» сынып оқушысы Куценко Николь және «Бақыт» бала -бақшасының тәрбиеленушісі Куценко Мишель.
Ал екінші номинант Асаиновтар отбасы. Ата-анасы Асаинов Ә.Ғ., Маударбекова Б.Қ., балалары Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейдің 1 «е» сынып оқушысы- Асаинова Амира мен мектеп жасына дейінгі Асаинов Арсен.
Дипломдарды тапсыру рәсіміне Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім беру ісінің құрметті қызметкері И.Б. Киселева; Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Жабаева С. С.; «KAZMEDIA» РИА ЖШС басшысы Ермакова Т. Г.; «Гвоздичка» балабақшасының әдіскері Сыздықова Ш. К.; және әріптесіміз Қарағанды қаласы «ОКЖ» КММ балаларға қызмет көрсету бойынша №1 филиалының меңгерушісі Тезекбаева Ә.Е. және №2 мамандандырылған мектеп интернатының кітапхана меңгерушісі Нафталова.Н.К., кітапхана ісінің ардагері Әбілсейітова С.Б. арнайы шақырылды.
Қонақтарымыз кітапханада жылдар бойы ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеп келе жатқан тұлғалар, олар өз тарапынан жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстады.
Барлық номинанттарды Абай атындағы ОБК дипломдарымен марапаттап, естелікке Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын сыйға тарттық.
Мерекеде Шалимова Алла, Давлатияр Аружан, Төлеуқасымова Қарақат, Төлеу Елназар, Ведман Александра оқырмандарға ән-шашуларын тарту етіп, іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

Comments are closed.