Облыстық мәнерлер оқу сайысы

Облыстық мәнерлер оқу сайысы

Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және Абай атындағы балалар кітапханасы ұйымдастыруымен Қазақстандағы Балалар жылы аясында қарымды қаламгер, балалар ақыны, Қарағанды өңірінің тумасы Жеңіс Қашқыновтың 80 жылдығына арналған 4-15 жас аралығындағы балалар арасындағы облыстық мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Іс-шараға қатысу үшін 200 жуық қатысушыдан өтінім түсті. Сайысқа мектеп аралық іріктеуден өткен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Саран қалалары мен Бұқар жырау ауданынның ауылдарынан 99 бала қатысты. Дүбірлі мәнерлеп оқу сайысына қатысатын балалардың өлең оқу кезеңдерін үш топ бойынша жіктеп бөлінді.
4-7 жас аралығындағы жеңімпаздар:
I орын
• Салсері Мейірман Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 1-сынып
• Қайырберлі Нұрасыл Балқаш қаласынан Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі, 2-сынып
II орын
• Зардыхан Ерман Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 2-сынып
• Елеу Айсель №36 ЖББМ, 1-сынып
III орын
• Қызыр Бекжан Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 1-сынып
• Қасымхан Зере Балқаш қаласы Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лецейі, 0-сынып
• Маратқызы Айсұлу Теміртау қаласы Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, 1-сынып
• Сағынтай Жанэл №6 ЖББМ, 1-сынып
• Қанат Нұрсұлтан Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 2-сынып

8-11 жас аралығындағы жеңімпаздар:
I орын
• Арғынбай Нұржалғас Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі, 3-сынып
• Ерланқызы Кәусар Балқаш қаласы Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лецейі, 2-сынып
II орын
• Айткен Ханшайым Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясы, 4-сынып
• Тасболатқызы Айым Теміртау қаласы «Озат» АТМ мектеп-интернаты, 5-сынып
• Тастыбай Айғаным Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебі, 3-сынып
III орын
• Нұрлан Жаннұр Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі, 2-сынып
• Шайхат Аңсар №18 ЖББМ, 4-сынып
• Жұмағали Диляра №91 ЖББМ, 2-сынып
• Болатбеков Мағжан А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, 5-сынып
• Тілеуғабыл Жәмилә А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, 5-сынып
12-15 жас аралығындағы балалар арасынан I орын Бұқар жырау ауданы, Үштөбе селосы, Үштөбе тірек мектебінің 9-сынып оқушысы Тұрсын Жансая иеленді.
Сондай-ақ ең кішкентай қатысушы №18 ЖББМ-тің 0-сынып оқушысы 5 жастағы Қанибек Әбілмансұр жүлделі болып және 13 бала ынталандыру сыйлығын алды. Барлық шараға қатысушыларға Ернат Мелсұлы «Ағылшынша тіл сындыру» кітабын сыйға тартты. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шараға Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұлов, Жеңіс Қашқыновтың туған қарыңдасы Сара Қашқынова және ақынның туған жиені Руслан Кенжебеков, Ж.Қашқыновтың туған інісі Мелс Қашқыновтың ұлы Ернат Мелсұлы демеушілік көрсетті. Осы шараның барлық демеушілеріне ризашылығымызды білдіріп, кәсіптеріне береке тілейміз!

ruoWA9c95u4fMW1wmM9Hi9B9JpEGuGGYJCWs5nQIlGNBMlBEWEAP4INJCgKUHxwCpHRuvcjaOZWIP-cOx2wWv6ut
Aghu4hECBvJ3IaOGGEWFkQ83n5tr9MdOeDo0_lbq-GeZp3BgWBSfLtS0ZzW5vyoEity9NxOHF9T0TvdYWwyu41Er
RYuq7WrKAtAL63cMswbZu-TNMMK_2Z1Kp4CWIIdSGBaha4NRd89V6GN0NFDb60TC0dmnK1PgE1nRauW9Pgdn1o-c
W5UUUjJw0N04EAePHCSjh2LPuIRvN7s2ItrCRoOliEHa6R5kH6QYTf3UvFerRwuIYMsEoM2BTB5z76YhItRd9ydG
AiYJ7HQDFRiMi8be0ycUd3–G87cIwbIW9xi4Q2GKLqhSDGn-WzP1ua_ODQQdE_zShuO_nF-GmXneYL0PknaEOmH
aUMbFkidyGrT2LThOo-QBj_UZzmnrn2C4ZiPtklGUaEqrrcMNbcBe7XJO8QlRASR2R4Z-wnx9sjsI8zd9NNfWvzs
iawbyNewnCZhm-mi72qGVtjwve8RnIdNQ7xrQV94qSg6_lsRdrmw01AdNc7qP-IcURMLm26ihHp6T8i94KD6b7Z-
axnl9ztZHjIIJRLtDlsDeamALCWxzBlEUGSXRs_re74Q4vnEx9UJTv3cYXj66O8Oq0XME4idMIk5uxSW42PNa-NY
QeNYGb1UY6Ur79d_pa3bXJiMFFqVs-JNxEO9HexxzoYppmAYPQ-lbZ72OeDF1yKf-iIUU61ja8jIs0cnDkt3Bag2
photo_2022-05-16_17-00-13
Comments are closed.