«Олардың есімдері өлке тарихында» өлкетану көрмесі

«Олардың есімдері өлке тарихында» өлкетану көрмесі

Құрметті достар!
Әрбір адамның жан дүниесінде туған жеріне, өзі тұратын шағын Отанына деген сүйіспеншілік болатыны анық. Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті бүкіл халықтың мәдениеті мен тарихын құрайды. Өзінің шағын Отанының тарихы мен мәдениетін білу – білімді адамды айқындайтын қасиеттердің бірі.
Жыл басында кітапханашылар Қарағанды облысының белгілі тұлғалары туралы «Олардың есімдері өлке тарихында» атты өлкетану көрмесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Біздің оқырмандарымыз жерлестерімізді мақтан тұтып, ұмытпағаны маңызды.
Биыл жазушы, драматург, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл, Кеңес Одағының Батыры, қазақ ұшқышы Нұркен Әбдіровтің туғанына 105 жыл, ақын, әдебиеттанушы Бүркіт Ысқақовтың туғанына 100 жыл және ақын-жазушы Сүйіндік Жанысбайға 75 жас т.б.
Көрмеге Абай кітапханасының кітап қорындағы кітаптар мен басылымдар қойылды.
Оқыңыз, жаңашылдыққа ұмтылыңыз!

Comments are closed.