Қалыбекова Әселхан Әлішерқызы
(22.04.1950 ж.)

      Қазақстан Республикасының халық ақыны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. 1966 жылы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. Аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газеттің редакциясында жұмыс істеген.

   1981-1982 жж. айтыскер ақындар арасындағы айтыс байқауларына қатыса бастайды. 1981-1984 жылдар аралығында аудандық, облыстық, республикалық айтыстарда жүлделі орындаға ие болады.

    Қалыбекова Әселхан бүкіл республика көрермендерін өзінің өткір сөзімен тәнті етіп, қазылар алқасының құрамында әртүрлі байқауларға, фестивальдерге, концерттерге, шығармашылық кештерге қатысады. Оңтүстік Қазақстан облысы ақындары мектебінің басшысы.

     «Қызылқұм гүлдері. Цветы Кызылкума» (1989) – өлеңдері мен айтыстар жинағының, «Отырар аспаны.Небо Отрара» (1994) – өлеңдер мен әндер, «Алладан пәрмен сұраған» (2000) және «Басыңды тікпей, бақ қайда?!» (2002) – өлеңдер жинағының, «Сырттап кеткен тамырлар» (2004) – тарихи көркем поэманың, «Әселхан әлемі» (2008) – автобиографиялық шығарманың, «Жыр – шапағаттың» (2008) авторы..

    Ән және поэзиялық айтыскерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Парасат» Орденімен марапатталған. Отырар ауданының Құметті азаматы.

Әселхан_Әлшерқызы_Қалыбекова_20_а
Әселхан_Әлшерқызы_Қалыбекова_20_а1
Әселхан_Әлшерқызы_Қалыбекова_20б
Әселхан_Әлшерқызы_Қалыбекова_20б1
Әселхан_Әлшерқызы_Қалыбекова_20б2