Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы
(01.04.1952 ж.)

       Қоғам қайраткері, абайтанушы, композитор 1952 жылғы 1 сәуірде Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. Қарқаралы қаласында ер жетті. Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебін аяқтаған соң, Қарағанды политехникалық институтына инженер-механик мамандығына оқуға түсті (1969-1974 жж), кейінірек «Лингва» тіл және аударма институтын бітіріп, аударма ісі мамандығын алды (2006 ж.). «Фемида» заң академиясын бітірді, құқықтану бакалавры (2007 ж.).

    Еңбек жолын бас инженер лауазымында Көкшетау облысының Степняк қаласынның қалалық тұрмыстық комбинатында бастады (1974-1977 жж.). 1977-1978 жылдары Қарқаралы «Қазсельхозтехника» аудандық бірлестігі автоколоннасында шебер, аудандық бірлестік басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеді.

       Облыстық басқарма басшысының орынбасары лауазымына дейін 1978-1993 жж. КТУ жұмыс істеді. 1993-1996 жж. Қарағанды қаласының тілдерді дамыту басқармасының бастығы, 1996-2005 жж. Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды облысының Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

     2005 жылғы қаңтардан 2010 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы болды. 1980 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының композиторлары клубының мүшесі. 2001 жылдан Қарағанды Журналистер одағының мүшесі.

    Бақытқали Мұсабеков бірқатар креативті жобаларымен, оның ішінде қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне негізделген шешендік өнер мектебі, және композиторлық дарынымен белгілі.

   Б. Мұсабеков бала жасынан музыкаға үйір болды. Баянда, үрмелі аспаптарда, фортепианода ойнауды игерді, оқу жылдарында политехникалық институттың оркестрінде ойнады. Тұңғыш әуенін 1974 жылы жазды. Абайдың «Көңілім неге тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың» жолдары оны шығармашылыққа итермеледі. Ол кейінірек осы жолдарды музыкаға салып, одан белгілі ән туындады. Ал «Ақсұнқардай баулыған» тұңғыш әнін Бақытқали әкесіне арнады. Анасына, туған Қарқаралысына, Қарағанды қаласына арналған әндер жазды.

     Бақытқали көп жылдар бойы Қарағанды композиторлары клубының мүшесі. Көркемөнер композиторының 21 әні енгізілген жинақ жарыққа шықты.

    Бақытқали Мұсабеков бала кезден өзін терең мәнділігімен толғандырған қазақ ойшылдарының айтқандарын дәптеріне жазып алатын. Осы жасөспірімдік толғаныстардың нәтижесінде ұлы бабалар қалдырған бай мұраны замандастарыммен бөлісемін деген зор ықыласы туындады.

  Бақытқали Мұсабеков жазған дәрістерімен Жезқазған, Сәтбаев, Жәйрем, Ұлытау, Приозерск, Балқаш қалалары мен кенттерінде болды. «Көшбасшы болуға үйренейік» (2014)-Джон Максвеллдің іліміне негізделген адамның көшбасшылық қасиеттері туралы психологиялық бақылау; «Мақсатқа жету технологиясы» (2014); «Өмір сүргім келеді» (2013); «Сен бала бол енді, Ана» (2013) – әндер жинағы, ноталық басылымы; «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (2016) – әндер жинағы. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау өңірлік орталығының қолдауымен «Шешендік өнердің он сабағы. Десять уроков ораторского искусства» кітаптары жарыққа шықты.

   Сонымен қатар, Мұсабеков «Мақсатқа жету технологиясы.Технология достижения цели» психологиялық дәрістері мен тренингтің авторы болып табылады.

   2016 жылы «Бақытты болғыңыз келсе» («Если хочешь быть счастливым») кітабы автордың қаражатымен бес жүз дана таралымда жарыққа шықты.

    Б.Мұсабеков «Отличник профтехобразования КазССР», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер Агенттігіне 10 жыл», «10 жыл Астана», «Тіл жанашыры» медальдері және төсбелгісімен марапатталған.

Бакыткали_Мусабеков_1
Бакыткали_Мусабеков_2
Бақытқали_Мұсабеков_28а
Бақытқали_Мұсабеков_28а_1
Бақытқали_Мұсабеков_28а_2
Бақытқали_Мұсабеков_34а
Бақытқали_Мұсабеков_34а1
Бақытқали_Мұсабеков_34а2
Бақытқали_Мұсабеков_34б
Бақытқали_Мұсабеков_34б1
Бақытқали_Мұсабеков_34б2
Бақытқали_Мұсабеков_34в
Бақытқали_Мұсабеков_34в1
Бақытқали_Мұсабеков_34в2