«Отан қорғау – қасиетті борыш» кездесу-диалог

«Отан қорғау – қасиетті борыш» кездесу-диалог

Кітапханада еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Отан қорғау – қасиетті борыш» атты кездесу-диалог өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінің рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Балжанов М.Ө. қатысты.
Мақсат Өміржанұлы бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы түсінік берді.
Кеш соңында «Қазақстан армиясының әскери шендер белгілерін білесің бе?» атты сергіту ойыны ойнатылды.

Comments are closed.