Қыркүйек 5, 2024 Отбасы күні By odb-abai inЖаңалықтар Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні. Мереке қарсаңында кітапхана мамандары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен бірлесіп, «Отан отбасынан басталады» атты әңгіме өткізді. Шараға қатысқан балалар Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан «Отбасы бақыт – мекені» атты суреттер көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.