Полиция – мәртебелі мамандық кездесу кеш

Полиция – мәртебелі мамандық кездесу кеш

Кітапханада әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесу циклі аясында «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» тақырыбында балалар орталық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімінің аға криминалисті подполковник Шушаев Сағынтай Күзембайұлы және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары Мұрат Ерасыл Сәбитұлымен кездесті.
Балаларға полиция қызметкерлері қылмыспен және құқық бұзушылармен күресетіндіктерін және де қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігімен айналысатындары жайлы айтып берді.
Шараға қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге үйде, көшеде және жол қауіпсіздігі туралы яғни жүріс-тұрыс ережелерін, сондай-ақ қиын жағдай болған кезде жүгінуге болатын арнайы қызметтердің телефон нөмірлерін естеріне түсірді. Қол іздерін тексеретін сарапшының криминалистикалық чемоданы туралы да балаларға мәліметтер берілді.
Саусақ ізі туралы әңгіме мектеп оқушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар криминалист-сарапшы рөліне еніп, оқиғаның шартты орнында іздерді табуға, әртүрлі жерлерден іздерді табуға тырысты.
Полиция қызметкерлерімен өткен қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалатын болды өйткені оқушылар өздері үшін көптеген пайдалы нәрселерді көзбен көріп қолмен ұстап көрді, құқық
қорғау органдарының жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінді.

Comments are closed.