«Әр өлеңі – бір әлем» әдеби челлендж

«Әр өлеңі – бір әлем» әдеби челлендж

     Қазақ әдебиеті – қайталанбас тың туындыларға бай мұра. Әдебиет әлеміне көз жүгірткен барлық оқырман жандарына тыныштық, бойларына қуат алады.
Әсіресе қазақ поэзиясының орны бір бөлек. Қазақ поэзиясына жаңа серпіліс, соны жаңалық енгізген ақындардың бірі – Хан Тәңірдің мұзбалағы-Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали – сыршыл ақын. Ғасыр ақыны атанған Мұқағали нәзік жырларымен қалың қазақтың жүрегінен орын тепті. Өлеңдері әсем әндерге арқау болды. Бүгінде ақынның жырын жатқа білмейтін адам кемде-кем.
Биылғы жылы жыр дүлділі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби челлендж ұйымдастырды.
Әдеби челлендж барысында біздің оқырмандарымыз бен «Қауырсын қалам» әдеби клубының мүшелерінен 19 адам қатысты. Қатысушылар ақиық ақынның жырларын жатқа оқып, оқырмандардың ықыласына бөленді. Әдеби челлендж барысында ақынның: «Өмір сүрейік алмасып», «Үш бақытым», «Туған жер», «Мен таулықпын», «Шыда,шыда», «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» т.б өлеңдері оқылды.
Мұқағали жырлары – мәңгі өлмес мұра. Ақын жырлары халқымен бірге ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек.

https://www.instagram.com/p/CLDqwhrhvJH/

https://www.instagram.com/p/CLD2rXh8gX/

https://www.instagram.com/p/CLELahRBn7B/

https://www.instagram.com/p/CLEU3h5BRiu/

https://www.instagram.com/p/CLEZcMBBg4j/

https://www.instagram.com/p/CLGTnuOBU_D/

https://www.instagram.com/p/CLGWbY8Byel/

https://www.instagram.com/p/CLGk8GnBgBE/

https://www.instagram.com/p/CLGxXuhB4PQ/

https://www.instagram.com/p/CLG2Awhav5/

https://www.instagram.com/p/CLIxvzBoDG/

https://www.instagram.com/p/CLJFH18Bh1M/

https://www.instagram.com/p/CLJUF3ghZFg/

https://www.instagram.com/p/CLJea3Eh49J/

https://www.instagram.com/p/CLJiW8PhDe5/

https://www.instagram.com/p/CLLfBKLhBHs/

https://www.instagram.com/p/CLLn1yxBAoG/

https://www.instagram.com/p/CLL1Bo1hKSv/

Comments are closed.