Сәуірбек Бақбергеновтің «Алтын адам туралы» аңыз – повесіне 45 жыл Бақбергенов Сәуәрбек (1920-1997) – қазақстандық жазушы, публицист, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы. С. Бакбергенов 8 – ші Гвардиялық Панфилов дивизиясының құрамында Москва түбіндегі шайқастарға қатысқан. Атқыштар взводының командирі, полктің штабпен байланысының офицері болды. Демобилизациядан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде, Қазақ Мемлекеттік әдебиет баспасында тілші қызметін атқарды. «Алтын адам туралы» аңыз – повесінде Есік маңында табылған алтын адам туралы әңгімелейді. Автор жас оқырмандарды ертегілер еліне баурап; туған өлкенің ежелгі тарихына көз жүгірте, оның табиғатын сипаттай отырып, балаларды онымен танысуға, өз халқының тарихын түсінуге шақырады.