Сейдахмет Ернұр (13.11.1984 ж.) Сейдахмет Ернұр, балалар жазушысы, шығармашылық байқаулардың лауреаты, 1984 жылғы 13 қарашада Жезқазған қаласында туған. 2002 жылы №13 орта мектепті бітіріп О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде инженер-механик мамандығын алды. Ернұр жергілікті мыс қорыту зауытында жабдықтарды жөндеу шебері болып істейді, ал қолы бос уақытта ана тілінде балаларға арналған өлеңдер жазады. Ернұр өлеңдерінің кейіпкерлері – кішкентай ұлдар мен қыздар. Олар әртүрлі: еңбекқор және жалқау, ақылды және оқымағандар. Автор өз шығармаларында кейіпкерлерге мінездеме беуге тырысады. Ернұр балалық шағынан әдебиетті жақсы көрді. Мектеп жылдарында көп оқыды. Ал оныншы сыныпта өлең жаза бастады. Бұл алғашқы махббат, табиғат, ана туралы шығармалар болды. Бірде балаларға арналған өлең жазып көріп, бұл өзінікі екенін түсінді. 2007 жылы Ернұр Сейдахметов республикалық газеттердің бірінен балалар авторларының байқауы туралы хабарландыруды көрді. Оған өзінің бірнеше жұмысын жолдап, өзі күтпеген жерден қарымды қаламгер бауырларын ығыстырып, үшінші жүлделі орынға ие болды. 2010 жылы Ернұр «Қашан үлкен боламын?» («Когда я стану взрослым?») атты алғашқы кітабын, кейін «Қарлығаш» балалар әндерінің жинағын, «Тентек доп» (2012), «Күлші қане, балақай!» (2014) балалар өлеңдерінің жинағын жарыққа шығарды. Облыстың балалар кітапханаларының қорында оның кітаптары бар, сонымен қатар автор www.adebiportal.kz және http://www.tattialma.kz сайттарында өзінің шығармаларын орналастырады. Сейдахмет Ернұр – «Қазақмыс» корпорациясы мен Қазақстан жазушылар одағы ұйымдастырған «Балауса» балалар жазушыларының, және «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауының жүлдегері.