Наурыз 18, 2021 Шеберлік сыныбы By odb-abai inЖаңалықтар 18 наурыз күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Жанартау» және «Перғауын жыланы» атты шеберлік сыныбы өтті. Балалар жанартау атқылы мен перғауын жыланның қалай пайда болатынын тамашалады. Жасанды жанартау және перғауын жыланы таңғажайып қасиеттерімен балалар мен ересектерді де таң қалдырды. Өткізілген зертханалық тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, балалардың бақылау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға ата-анасымен және достарымен дәл осындай тәжірбиені үйде жасауға ұсынылды. Зертханалық тәжірибе соңында қызықты химия бойынша кітаптар мен журналдарға тақырыптық шолу жүргізілді.