«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні»

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні»

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты музыкалық калидоскоп өткізілді.
Шараға №32 мектептің көркем еңбек пәнінің ұстазы Тұрсынов Ержан Әдешұлы арнайы шақырылып, оқушыларға музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын айтып, өзі жасаған домбырасын көрсетіп шеберлігімен бөлісті.
Оқырмандар қасиетті аспаптың тарихымен танысып, түрлі мәліметтермен қанықты. Ұлттық аспапқа қатысты ойындар ойналды.
Айтулы мерекеге «Домбыра-дастан, домбыра-күй» атты домбыраның тарихы мен жасалу технологиясына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М.Рәш «Киелі домбыра», Ө. Спанов «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаев «Жан серігім, домбыра» басылымдары насихатталды.
Шара соңында Ержан Тұрсынов әуезді ән шырқап, оқырман қауымның құлақ құрышын қандырды.

Comments are closed.