Тарих куәгерлері

Тарих куәгерлері

Кітапханамызда «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіңдегі кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы тарихынан сыр шертетін кітапхана қорындағы соғыс жылдарында кеңес баспаларынан шыққан сирек кездесетін 20 дана кітап қойылды.
Ұлы Отан соғысы бұрыңғы кеңестік республикалардың халқы үшін ең ауыр сынақ болды. Соғыс экономиканы құлдыратып, қоғамның барлық салаларында терең ізін қалдырды. Сол кезеңдерде барлық қиындықтарға қарамастан, кітаптар мен басқа да баспа өнімдерін шығару тоқтаған жоқ.
Кітап шығару көлемі үш есе қысқарды. Статистика көрсетіп отырғандай, соғыстың алғашқы жылында Қазақстанда түрлі салалар мен жанрлардың 700-ден астам басылымдар шығарылды. 1945 жылға қарай бұл көрсеткіш 200 атауға дейін азайған. Баспалардың тақырыптық жоспары және шығармалардың тираж көлемі өзгерді. Бірақ бұл жағдайда да әскери тақырыпқа қатысы жоқ кітаптар шығаруды жалғастырды.
Олардың ішінде оқырман Н. Барсамовтың «Иван Константинович Айвазовский» (М.-Л., 1941), «Ұлы жиһанкез Христофор Колумб» кітапшасын (Алматы, 1945), И. Масановтың «Словарь псевдонимов русских писателей, ученых и общественных деятелей» (Мәскеу, 1941), Ж. Жабаевтың «Қамал бұзған қаһарман» (Алматы, 1945) және т.б. таныса алады.
Әдеби процесс тоқтаған жоқ. Соғыс жылдары М.Әуезовтің «Абай» романы жарық көрді. Сондай-ақ қиын-қыстау кезеңдегі әдебиетшілерді қандай тақырыптар шабыттандырғанын «Сборник современной казахской литературы» (Мәскеу, 1941) атты кітаптан жақсы түсінуге болады.
Көрме деректерімен мамыр айының соңына дейін таныса аласыз. Барлық оқырмандарды кітапханамызға шақырамыз!

2
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.36.40
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.38
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.39
WhatsApp Image 2021-05-05 at 13.45.40

 

Comments are closed.