«Тез оқуды үйреніңіз»

«Тез оқуды үйреніңіз»

«Тез оқуды үйреніңіз» оқу техникасы бойынша алаңда оқушылар Балалар әдебиеті жылы аясында жарық көрген М.Қонысбайдың «Тарихи мекен», «Ақылды мысық» кітаптарын мұқият және тез оқу арқылы сайысқа түсті.
Шараға №17 ЖББОМ-тің 4 «Б», «В» сынып оқушылары қатысты. Қазақ тілінде оқудан 94 сөз оқып Шакиров Алексей I орынға ие болса, Ермеков Аслан 68 оқып II орын, Вильдерсон Элина 58 сөз оқып III орындарға ие болды. Орыс тілінде оқудан I-II орындар екі оқушыға бөлініп берілді: Якимова Аурелия мен Ермеков Аслан – 156 сөз, Вильдерсон Элина мен Толешов Амирали – 144 сөз, Шакиров Алексей 108 сөз оқып III орынға ие болды.
№17 ЖББОМ директоры Бакыжанов Марат Мантайұлына және ұстаздары Әбеуова Жанат Сейітмұратқызына алғыс айтамыз.

1
2
3
4 (2)
4
5
6
7
Comments are closed.