Турнир «Асық party»

Наурызнама онкүндігі аясында кітапханамызда ұлттық спорт күніне орай «Асық party» шарасы өтті.
«Асық party» іс-шарасын қаламыздағы №14 мектеп-гимназиясының Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қамай Дархан Мейрамұлы жүргізді. Балалар шеңберден асық ату, 41 асық, асық ойыны түріне көшірілген ақсерек көксерек, арқан тарту секілді түрлі асық ойындарын ойнады. Командаға бөлініп ойнаған балалар барын ортаға салды. Асық ойындары қызықты да, тартысты өтті.
Іс-шара соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, барлығы жақсы көңіл күймен тарасты.

Comments are closed.