«Қуғын – сүргін құрбандары» реквием кеші

«Қуғын – сүргін құрбандары» реквием кеші

Кітапханада Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қуғын – сүргін құрбандары» атты реквием кеші өткізілді.
Тарихтан тағылым жасау, өткенге тағзым істеу, өскелең ұрпақтың борышы және парызы. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған, миллиондаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі анық. Биыл қазақ жерінде бұрын – соңды болмаған, көкірегі ояу, көзі ашық ұлт азаматтарының екі қолын артына қайырып, аяғына кісен салып, ұлт қаймағын қалқып алған ұлы сұрапыл, жаппай жазалауға сексен төрт жыл толып отыр. Зұлмат науқаны кезінде мыңдаған жазықсыз жан «халық жауы» атанып, көз жұмды.
Болашақта өткен қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін өскелең ұрпақтың адамның қайғылы, шырқы бұзылған тағдыры туралы білгені маңызды.
Іс-шара барысында «Қайғыдан қаланған Қарлаг», «Қазақ қасіреті» деректі фильмдері көрсетіліп, қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының ғылыми қызметкері Тұрсынбек Альбина саяси тұтқындар өмірінің баға жетпес фактілерімен бөлісті.
Өткен өмірдің жантүршігерлік оқиғаларын ұмытуға болмайды. Біз тарихымызды оқып, біліп қана өз болашағымызға дұрыс бағдар жасай аламыз.

IMG_1301
IMG_1306
IMG_1312
IMG_1313

Comments are closed.