Вениамин Кавериннің «Два капитана» романына 75 жыл

Каверин Вениамин Александрович (1902-1989) – орыс кеңес жазушысы, драматург және сценарийші. «Серапионовы братья» әдеби тобының мүшесі. Ең танымал шығармасы – «Два капитана» шытырман оқиғалар романы.

Жазушы Вениамин Кавериннің «Два капитана» шытырман оқиғалар романы 1938-1944 жылдары жазылды. Роман жүзден аса рет қайта басылып шықты. Ол үшін Каверин ІІ дәрежелі Сталин сыйлығымен марапатталды. Кітап көптеген шетел тілдеріне аударылды.

Романның басты ұраны: «Күресу, іздеу, табу және берілмеу».

 

Романда шет аймақтағы Энск қаласының тұрғыны Александр (Саня) Григорьевтің өмірі туралы әңгімеленеді, ол сүйікті қызының жүрегін жаулап алу және екеуінің тағдырына тығыз байланысты құпияны шешу үшін панасыздық, ержетіп-есею және соғыс сынақтарынан абыроймен өтеді.

Роман екі рет экранға шығарылды: «Два капитана» (1955),«Два капитана» (1976), 2001 жылы романның желісінде «Норд – Ост» мюзиклы қойылды.

2003 жылы Мурманск облысы Полярный қаласының басты алаңы «Екі Капитан алаңы» деп аталды.

Владимир Русанова пен Георгий Брусиловтың экспедициясы тап осы жерден сапарға аттанды. Бұдан басқа, осы Полярныйда романның басты кейіпкерлері – Саня Григорьев пен Катя Татаринованың соңғы кездесуі болды.

Автордың туған қаласында, Псковте (кітаптағы атауы Энск) 1995 жылы «Два капитана» романының кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылды.

2002 жылғы 18 сәуірде Псков облыстық балалар кітапханасында «Два капитана» роман музейі ашылды.