«Ықылас – қобыздың атасы» музыкалық портфолио

«Ықылас – қобыздың атасы» музыкалық портфолио

Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойына орай кітапханада «Ықылас – қобыздың атасы» атты музыкалық портфолио өткізілді.
Шараға Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қылқобыз сыныбының ұстазы Ж.Ы. Жұмабеков, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының қобыз аспабының ұстазы М. А. Оразбекова қатысты.
Ықылас Дүкенұлы қазақ тарихында қайталанбас қобызшы ретінде қалған тұлға. Сонымен қатар Қорқыт баба жолын жалғастырушы күйшінің «Аққу», «Жезкиік», «Қамбар-Назым», «Қасқыр», «Кертолғау» сынды күйлері халық арасына кең тараған. Басқосуға жиналған аталмыш кеште Ықылас мұрасына ерекше ықылас танытып, қобызшының күйлері жөнінде әңгіме өрбіді. Балаларға назарына күйшінің ең таңдаулы музыкалық шығармалары ұсынылды.

Comments are closed.