«Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар

«Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда ZOOM алаңында «Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар өткізілді, оған 100 маман қатысты, семинарға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, Қазақстанның облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, Қарағанды облысының 18 аудандық және қалалық ОКЖ қатысты. Семинарды ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Абай атындағы ОБК.
Шарада Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор құттықтау сөздерімен қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Семинар барысында әртүрлі форматтағы 9 тақырып тыңдалды: онлайн-кездесу, таныстырылым, тренингтер. Қызмет көрсетудің жаңа форматындағы Қарағанды облысының балалар кітапханаларының қызметі туралы, жастармен жұмыстың онлайн түрлері туралы, жазғы оқу бағдарламаларын, кітаппен жұмыс нысаны ретіндегі қуыршақ театрын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Әріптестер Ратникова Л.Г., Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы; Сарычева С.В., Қарағанды ОКЖ №12 балалар филиалының меңгерушісі; Курманова Б.Д., Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОБҚК меңгерушісі; К.К.Искакова, Қарқаралы ОКЖ Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы өз әріптестерінің назарына балалар мен жасөспірімдердің оқуы жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы өздерінің таныстырылымдарын, кітапхана ісіндегі қызықты идеяларды, Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетін оқудағы зерттеулерді ұсынды.
Семинарға каллиграф Яна Росс қатысып, әдемі жазу өнері – каллиграфия туралы әңгімеледі, «Айтшы, Әжетай» журналының бас редакторы С.Б.Нурханова Абай атындағы ОБК және Қарағанды облысының балалар кітапханаларымен ынтымақтастығы тәжірибесімен бөлісті.
Абай атындағы Қарағанды ОБК қызметкерлері кітапханашыларға арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Кітапханашы Алжанова Н.К. кітапхананың «Киіз үй» этноконструкторын қолдана отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты.
Библиограф Әбдіғалым М.С. электронды құралдарды, викториналар құру үшін «AutoPlay Media Studio8» бағдарламасын пайдалану жөніндегі тренинг өткізді.
Кітапхана мамандарына онлайн-семинар Қарағанды облысының балаларына кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жаңа бағыттарымен танысу мүмкіндігін беріп қана қоймай, әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықтың ықтималды перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Абай атындағы ОБК семинарды ұйымдастырудағы қолдауы мен көмегі үшін Үмітхан Дәуренбекқызы Мұналбаеваның атынан тәлімгері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлеріне, семинарға белсене қатысқаны үшін Қазақстанның барлық кітапханашыларына алғыс білдіреді.

1
2
3
4
5
Comments are closed.