Өзектілік 2018 жылғы жазда инновациялық-әдістемелік бөлімі тарапынан балалардың бос уақытын ұйымдастыру және мектеп демалысы уақытында балалардың шығармашылық және танымдық қызметін дамытуға арналған тәрбие кеңістігін құру мақсатында «Қызықты ғылым» танымдық фактілер күндері циклы жүзеге асырылды. «Уақытқа саяхат – күнделікті тұрмыстан шыққан техникалық заттармен танысу» сумен, магниттермен, құммен, ас содасымен, «Көрінбейтін сия» эксперименталды сабақтар мен танымдық тәжірибелер өткізілді. Жазғы кезеңдегі эксперимен өткізу жұмысы балаларды қызықтырды, сондықтан тәжірибелер тақырыбын кеңейту және жаңа 2019 жылы «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасын құрып, оны жалғастыру шешімі қабылданды. Мазмұны «Қызықты ғылым» – физика, химия, биология, география және табиғаттану элементтерін қамтитын курс. Зертхананың міндеті: балаларға ғылымның қалай қызықты және танымды болатынын көрсету, балалардың жаратылыстануға деген қызығушылығын ояту, сонымен қатар балаларды ғылыми-танымал әдебиеттерді оқуға тарту. Түсінікті түрде түсіндірілген жаратылыстану ғылымы заңдары негізіндегі кітапханалық зертхананың танымдық сабақтары балаға үлкен қуаныш пен көңіл сыйлайды. Бұл форматтағы жаңа білімді балалар жеңіл қабылдайды, кітапханашылармен бірге өткізілетін сабақтар балалардың танымдық қызығушылығын тудырады. Зертхана бағдарламасы 10 практикалық сабақтан, атап айтқанда, тәжірибелер мен экспериментерден тұрады. Балаларға арналған тәжірибелер қарапайым және түсінікті. Бұдан басқа, эксперименттер кітапхана балаларға тегін ұсынатын материалдарға негізделіп жасалады. Зертхана бағдарламасын жасау барысында келесі принциптер ескерілді: жас ерекшеліктерін есепке алу, барлық балалардың іс-әрекетке белсене араласуы, қолжетімділік және көрнекілік, теория мен практиканың өзара байланысы. Өткізу мерзімі: 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап әр айдың үшінші жұмасында сағ. 15.00. Сабақ ұзақтығы 1 сағат. Әрбір сабақта зертхананың тақырыбына сәйкес келетін кітаптар мен журналдарға шолу жасалады, танымдық роликтер, мультфильмдер көрсетіледі.