«Жазуы ерен – ойы терең» атты Сүйіндік Жанысбаймен кездесу

«Жазуы ерен – ойы терең» атты Сүйіндік Жанысбаймен кездесу

30 қаңтарда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында туған жердің мерейгер ақын – жазушыларының туындыларын дәріптеп насихаттауға арналған қарағандылық жерлесіміз Қазақстан журналистер одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлына 75 жас толуына арналған «Жазуы ерен – ойы терең» атты кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары ардагер журналистер А.Жанғожин, Ә.Тойжігітов және халықаралық журналист С.Батырханова және арнайы шақырылды.
Кездесу кеші техника-экономикалық колледжі студенттерінің және Ә.Ермеков атындағы мектеп – лицейі оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс- шара барысында қаламынан туған әр шығармасында ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапқан, қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы Сүйіндік Жанысбайдың қоғам ¬дамуына белсенді атсалысып, облыс тарихын зерттеп, өлкетануға қосқан үлесі жайлы көптеген мәліметтер айтылды. Кітаптарына шолу жасалды. Қаламгерге Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасы басшысының алғыс хатымен марапатталып, естелік сыйлық табысталды.
Бастауыш сынып оқушылары автордың ертегісінен шағын қойылым қойып, бала жастан өлең жазуға құмар Сүйіндік атамыздың жырларынан үзінді оқыды.

Comments are closed.