«Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір

          Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша жалпы республикалық іс-шаралар шеңберінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір өтізілді. Жамбыл облыстық Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұжымы қашықтан телебайланысқа шықты.
Онлайн шара ақын шығармалары арқылы жас ұрпақты патриоттық сезімге баули отырып, саф поэзияға, әдебиетке қызығушылығын ояту және тәлімі терең туындылармен тәрбиелеу һәм адамгершілікке дағдыландыруды мақсат тұтты.
Шараға Қарағады қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты мен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатыны мен Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары, ұстаздары қатысты.
Шара барысында балалар Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қабілеттерін байқатты. Тағдырдың жазуымен зағип болса да, өмірге құштар жас композитор, күйші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрдәулет Сағатбек ұлттық музыка саңлағы Н.Тілендиевтің Жамбылдың 100 жылдығына арнап жазған әйгілі «Ата толғауы» күйін күмбірлете орындады.
– Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары деп айтамыз. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Бақтыбай, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы.
Осындай аламан айтыстардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының һас үлгісі деп баға береді әдебиеттанушылар. Ал, Жамбылдың Айкүміспен айтысын Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының дарынды оқырмандары Бақытбек Мейіржан мен Жәния Тұрғынбекқызы тарту етіп, көпшілікті тарих қойнауындағы мөлдір бұлақтан сусындатты.
Ал, кітапхананың оқу залында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жұртшылық жүз жасаған жыраудың жалынды жырлары мен әдебиеттанушылардың зерттеулері жинақталған кітаптар жайлы толымды мәлімет алды.

IMG_1321
IMG_1334
IMG_1335
IMG_1341
IMG_1353
IMG_1356
IMG_1360
IMG_1363
IMG_1384
IMG_1390

 

Comments are closed.