«Өзі – өзіне режиссер» тақырыптық күні

«Өзі – өзіне режиссер» тақырыптық күні

Бүгін кітапханада «Өзі – өзіне режиссер» тақырыптық күні аясында Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның жанындағы лагерьлердің балалары «TikTok» қосымшасының көмегімен кітаптар туралы жарнамалық роликтер жасады.
Балалар үш топқа бөлініп кітапхананың оқу залы, абонемент және көпшілік залда «Жануарлар туралы кітаптар» тақырыбында бейнероликтер түсірді. Бейнетүсірірім барысында оқушыларға өздерінің режиссерлік идеялары пайда болып, балалар оны нақты түрде жүзеге асырды. Үздік жұмысты қатысушылардың өздері атады, ұйымдастырушылар жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар үлестірді.

Comments are closed.