Мырзахметұлы, Мекемтас. Абайтану [Мәтін]. 1-кітап / М. Мырзахметұлы. - 2-бас. - Астана : Interactiv Kazakhstan, 2014. - 524 б. Белгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құңды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған.Бір ғасырдан астам уақытта ұлы Абай асыл мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктер мен кемістіктер бүгінгі күн тұрғысынан таразыланадыСонымен қатар ғалымның Абайтану ғылымын қалыптастыру жолындағы ізденістері туралы замандас ғалымдардың ой-пікірлері топтастырылған. Көбесов, А. Абайтану дәрістері [Мәтін] / А. Көбесов. - Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000. - 84 б. Еңбекте ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін мұқият қарастыра отырып, оның ғылыми-педагогикалық, діни-философиялық және басқа көзқарастары мен жаналықтары баяндалған.Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге, жалпы оқырман қауымға арналған. Жүрегіңнің түбіне терең бойла [Мәтін]: Абай ұлағатына арнау: ой-толғамдар мен өлендер / құраст. М. Мырзахметов. - Алматы: Рауан, 1995. - 64 б Бұл жинақ – халқымыздың данышпан, ұлы ақыны Абайға деген әлем ел-жұрты ықылас-лебіздерінің мыңнан бірі ғана. Ол ұрпақ сыйының сағынышты мөлдір тамшысындай. Абай жайлы жазғандарды түгел жинап, құрастырса, том-том еңбек болары даусыз. Сөйтсе де, осы кітаптың ойлар, жаңа жарияланымдарымен мектеп оқушыларын ғана емес, көпшілік оқырмандарды да риза етер деген үміттеміз. Әбілдаұлы, А. Абайды оқу әліппесі [Мәтін]: төменгі сынып оқушыларына ұлы ақынды таныстыру / А. Әбілдаұлы. - Алматы: Рауан, 1994. - 88 б. Кітапшада данышпан ақынның шығармашылық өмірбаяны бүлдіршін шәкірттердің ұғымына лайықталып берілген. Абайдың ой-танымдарын балаң оқушыға тереңірек әрі жеңілірек түсіндіру үшін жинаққа енгізілген өлеңдеріне, қара сөздерінен алынған үзінділер мен нақылдарына әдістемелік талдау жасалады. Өлеңдерден кейін олардың мазмұны мен көркемдік сипатын танытуға бағытталған сұрақ-тапсырмалар, құралдардың сонында Абай тілінің түсіндірме сөздігі берілген.Кітапша төменгі сынып оқушыларына, бастауыш мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арналған. Ердембеков, Б. Абайтану [Мәтін] : оқу құралы / Б. Ердембеков. - Астана : Фолиант, 2012. - 432 б. - (Жоғары білім). Еңбекте Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері зерттеу нысанына алынып, ақын айналасының абайтану ғылымындағы орны, Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды. Бұл тұрғыда Абай әулетінің, атап айтатын болсақ, Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол замандағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, Абай мен аға буын ақындар арасындағы рухани жақындық көздері жан-жақты сөз болды.Оқу құралы әдебиетші ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарға, магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне арналған.