Ақпан 9, 2023 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар 9 ақпан күні кітапханада «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы қысқы орман» тақырыбында өткізілді. Сабақ ойын түрінде өтіп, балалар орманда өмір сүретін жануарлардың атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Кітапханашы жұмсақ ойыншықтарды пайдалана отырып, әр жануар, оның әдеттері мен тіршілік ету ортасы туралы әңгімеледі. Балалар жабайы аңдардың атауларын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді.