Archive Ақпан 2023

«Білім кілті кітапта» атты дөңгелек үстел

Отбасы тәрбиесімен ұштасқан тәрбие негізін жалғастырушы мектеп пен кітапхана. Балалар кітапханасы мен білім беру мекемелерінің өзара ынтымақтастығы кітап оқуды насихаттауда ерекше орынға ие.
Осы орайда балаларды кітап оқуға тарту, оқу қызушылығын қалыптастыру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында мектеп директорларының қатысуымен «Білім кілті кітапта» атты дөңгелек үстелге өткізілді.
Кітапхана басшысы Б.Қ. Уатаева «Балалар кітапханасының әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шараның арнайы қонағы «Natige» және «220 VOLT» компанияларының бас директоры Е.М. Әшім бүгінгі балалардың тәрбиесінде кітаптың алатын орны туралы ой бөлісті. Кітап оқудың маңыздылығына арналған іс-шарада мектеп директорлары ашық алаңда пікір алмасты.

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні орай кітапханада «Кұрметтің ең биігі – алғыс» ақпараттық сағаты өтті. Сабаққа Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің балалары қатысты.
Кітапханаға келген қонақтар алғыс айту мерекесінің пайда болу тарихы туралы әңгімені қызығушылықпен тыңдады.
Мереке аясында облыстық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Кездесу соңында қатысушылар ата-аналарға, тәрбиешілерге және кітапханаға алғыс сөздер айтып ризашылық білдірді.

«Сторителлинг құпиялары» тренингі

26 ақпанда «Сторителлинг құпиялары» атты коуч-жаттықтырушы Гульзия Сеитова тренинг өткізді. Г. Сеитова тікелей эфирге қатысушыларға сторителлингті қалай қолдануға және мәтінді толық эмоционалды етіп жеткізу үшін қандай «чиптерді» қолдануға болатындығы, сондай-ақ аудиторияның назарын өзіңе аударуды, шаблонсыз жазу, тапқыр болып қалу және әдемі презентациялар жасау туралы айтып берді.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің досым» атты тақырыпта өтті. Үйірме жетекшісі балаларға шын дос қандай болу керектігін түсіндірді. Сабақ соңында «Нағыз дос» бейнеролигін тамашалап, тапсырмалар орындады.

«Шуақ»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағы «Жануарлар әлемі» кітабын талқылаудан басталды. Балалар ақ аю қолөнерін жасады.

«Жәдігер» өлкетану клубы

Кітапханада 23 ақпан күні «Жәдігер» өлкетану клубының алғашқы отырысы өтті.
Клуб мүшелері Рушан Бараевтың «Сен Қарағандыны білесің бе?» кітабы бойынша құрастырылған интеллектуалдық ойынға қатысып викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, клубтың жылдық жұмыс жоспары талқыланды.

 

 

 

 

«Біз террорға қарсымыз!» бейбітшілік сағаты

Кітапхананың оқу залында «Біз террорға қарсымыз!» тақырыбы бейбітшілік сағаты өткізілді. Онда балаларға «діни экстремизм», «терроршылдық» ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, лаңкестікке қарсы күрестің құқықтық негіздері, бұл істің қазіргі таңдағы ахуалы жөнінде мағлұматтар берілді.
Адамзат қоғамын алаңдатқан, мемлекеттерді қыруар шығынға батырған «терроршылдық» дегеніміз не? Оның мақсаты не және одан қалай сақтануға болады? Оқырмандар тарапынан қойылған осындай сұрақтарға байланысты облыс дін істері басқармасының теолог маманы Ж.Б. Қарсыбекова бейнероликтер арқылы жан-жақты түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, терроршылдықтың түрлері мен мақсат-міндеттері, төтенше жағдайлар кезiнде қолданылар қауiпсiздiк шаралары туралы да сөз болды.
Шара соңынан кітапхана қызметкерлері тарапынан теракт кезiнде нендей іс-әрекеттер жасау керектігі жөнінде жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар жарияланымдарына шолу жасалды.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

01.02-14.05.2023ж. аралығында кітапхана қазақ балалар әдебиетінің кемеңгері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына 10-11 жас аралығындағы балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Комиксburg» балалар комикстерінің (суреттелген әңгімелер) облыстық байқауын өткізеді.
Байқау ережесі лентада…
Байқау Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.

 

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Figures.Фигуралар» тақырыбында өтті. Балалар «What shapes do you see?» әнін айтып, «Sweet cupcake» қызықты ойынын ойнап, фигуралардың ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

 

«Шағын электромотор»

      17 ақпанда кітапхананың «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында магниттердің күшін түсінуге көмектесетін тәжірибе жасалды.
Әркім бұл тәжірибені өзі үйде жасай алады, оны жүзеге асыру үшін сендерге тек бір ғана батарея, магнит және аздаған мысты сым қажет.
Осы элементтердің көмегімен шағын электромоторын қалай жасауға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетіп, оқырманның ғылымға деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында біздің кітап қорында кездесетін физика және физикалық эксперименттер туралы кітаптар ұсынылды.