Ақпан 14, 2023 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні By odb-abai inЖаңалықтар Халықаралық кітап сыйлау күні, барлық кітапқұмарлар мен кітапқа бей-жай қарамайтындардың мерекесі.. Алғаш рет 2012 жылы Халықаралық кітап сыйлау күнін ағылшын жазушысы, екі баланың анасы — Эмма Перри ойлап тапқан. Ол Халықаралық кітап сыйлау күнің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі. Бұл күні кітапханашылар балаларды туыс-туғандарына жақсы, сапалы басылымдарды сыйлықтар беруге, оқылған кітаптар туралы әңгімелеуге және әлеуметтік желілерге өздеріне ұнайтын кітаптардың суреттерін орналастыруға шақырады. Айтулы мереке күні біздің оқырмандардар да тосын сыйларсыз қалған жоқ. Кітапхананың белсенді оқырмандарына сыйлық ретінде кітаптар табысталды.