Archive Қаңтар 2023

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында жас оқырмандар мен олардың ата-аналары сүйіп тыңдайтын дауыстап оқуды жалғастырамыз.
Балаларға Қарағандылық ақын, композитор Ирина Воробьева баллар жазушысы Ирина Гуринаның «Приключения тигренка в зимнем лесу» ертегісі мен Юрий Серебрянскийдің «Қазақстандық ертегілері» кітабынан әңгіме оқыды.

Мұрат Әуезовтің мерейтойы

Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы қазақстандық мәдениеттанушы, өнертанушы, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, 80 жасқа толды.
Әуезов бүкіл өмірін түркі, славян және қытай халықтарын зерттеуге арнады. Мансап барысында ол «Қазақфильм» киностудиясын басқарды, Қытайдағы елші болды, «Мир» телерадиокомпаниясын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасын басқарды. Қазір Мұхтар Әуезов қорының президенті Мұрат Әуезов әкесінің әдеби мұрасын кеңінен насихаттауда.
Біздің кітапханада мәдениеттанушының 1978 жылғы күнделік жазбалары, «Уйти, чтобы вернуться», «Өнегелі өмір», «Времен связующая нить» және т.б. шығармалары бар. Баршаңызды кітап оқуға шақырамыз!

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапханалық non-stopы

Қысқы демалыс жалғасуда… Кітапханаға жаңадан оқушы оқырмандар келуде. №66 мектеп-лицейінің 6 “Ә” сынып оқушылары кітапханаға алғаш рет келді . Оқушылар үшін кітаптар әлемі өте тартымды және қызықты болды. Жаңа кітаптарды көргенде оқушылар ерекше қуанып, кітап басылымдарының алуан түрлілігіне және кітапхананың әдемілігіне сүйсіне қарады.Оқушылар кітапхана тарихымен, кітаптарды пайдалану ережелерімен, залдарымен және кітап қорымен танысты. Оларға кітапханадағы үйірмелер мен клубтардың қызметі туралы , кітаппен жұмыс істеу ережелері туралы айтылды.
Танысу сабағының соңында Оқушыларға кітаптарды сақтау ғимараты туралы «Kahoot» платформасында «Сказка – ложь, да в ней намек» интерактивті ойыны өткізілді.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург және жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу ұсынылады. Төлен Әбдіктің шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше. Жазушының үлкенді-кішілі отызға жуық еңбегі бар.
Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өлі ара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
«Оң қол» әңгімесі халық арасында ерекше сүйіспеншілікке ие болған туындысы. «Оң қол» – Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы.
Сондай-ақ, 1987 жылы «Ақшоқыда қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» атты шығармаларын жазған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу үшін кітапханаға шақырамыз.

Қыстың сәні – аққала

Сыртта қыс мезгілі. Бұл мезгіл балаларға үлкен қуаныш сыйлайды! Олар шаңғы, шана және коньки тебуге, аққала жасауға мүмкіндік алады. . Аққаланы жасауды ұнатпайтын бала, тіпті ересек адам жоқ шығар.. Аққаланы мақтадан және қолдағы бар заттардан да жасауға болады.

«Сен-біздің бірінші оқырман»

Әне-міне дегенше 2023 жыл да келді. Бүгін біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы жас оқырмадарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен кітапханаға ең алғаш болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Сен-біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары:
1.Ивлев Егор
2.Болатбеков Мағжан
3.Мордвинкина Елизавета
4.Владимир Жулдыз
5.Владимир Ерғали
6.Толтай Ердәулет
7. Владимирқызы Айсұлу
8. Арун Асанәлі
9.Македонец Анастасия
10.Каримов Арман